Әр ойыншыға көлік орнына – клубқа екі микроавтобус. Кәсіпкер «Қайратқа» сыйлық жасады
Қазақстандық кәсіпкер Түрсенғали Алагузов «Қайрат» футбол клубына әрқайсысы шамамен 30 миллион теңге тұратын екі микроавтобус сыйлады.
«Қайрат» – бұл жай ғана команда емес, Алматы қаласының символына айналған ұжым. Бірнеше буын жанкүйер осы команда үшін алаңдайды, олардың ойындарымен өсіп, соларға еліктейді. Тимур Сегізбаев, Сейілда Байшақов, Құралбек Ордабаев – мен үшін бұл аңыз тұлғалар. Ал қазір біз жаңа жұлдыздардың өсіп келе жатқанын көреміз – Сатпаев, Заруцкий, Қалмұрза, Тапалов, Анарбеков.
Сіздер қазақстандықтарға көптеген жағымды эмоция сыйладыңыздар, оларды біріктіріп, бәрі мүмкін екеніне сенім ұялаттыңыздар! Біз бірнеше ойыншыға көлік сыйлағымыз келген, бірақ клубқа микроавтобустар аса қажет екенін білдік. Сондықтан осы хайастарды сыйға қабыл алыңыздар, игіліктеріңізге жаратыңыздар. Шеберліктеріңізді жетілдіріп, бізге футбол мерекесін сыйлаңыздар және дала батырларының үздік екенін дәлелдеңіздер! Ізгі ниетпен, Түрсенғали Алагузов», — деп жазды кәсіпкер.
Бұған дейін Алагузов «Қайрат» ойыншыларына «Реалмен» Чемпиондар лигасындағы жеңіске жетсе, әрқайсысына автокөлік сыйлайтынын уәде еткен еді. Бірақ команда ол ойында 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Алматыда 35 мың көрерменге арналған заманауи арена салына бастады.