locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Qazaqstan және Qazsport арналары футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатын көрсетеді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Qazaqstan және Qazsport арналары футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатын көрсетеді
ФОТО: Getty images

2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-та футболдан тарихтағы алғашқы кеңейтілген клубтар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Матчтарды елімізде тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.

Жаңа формат ұлттық құрамалар арасындағы әлем чемпионатына ұқсас. 32 команда 8 топқа бөлінген, әр топтан екі үздік команда плей-офф кезеңіне жолдама алады. Одан әрі жарыс бір ойындық шығару жүйесімен жалғасады.

Турнирдің жүлде қоры 1 миллиард долларды құрайды. Чемпион атанған клуб 125 миллион доллар иеленеді. Қалған сома командалардың жеткен нәтижесіне қарай бөлінеді.

Турнирдің ойындары Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Майами, Атланта және басқа да АҚШ қалаларындағы әйгілі ареналарда өтеді.

Турнир басталар алдында Sports24.kz порталы топтық кезең мен басты фавориттерге шолу жасаған арнайы анонс дайындады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie