locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«ПСЖ» украиналық қорғаушыны алу үшін үш ойыншысын сатуға дайын

Забарный – басты нысана. Париждіктер негізгі құрамдағы футболшылармен қош айтыспақ
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«ПСЖ» украиналық қорғаушыны алу үшін үш ойыншысын сатуға дайын
ФОТО: Getty Images

Париждің «ПСЖ» клубы қорғаныс шебін күшейтуді көздеп отыр. Францияның L’Équipe басылымының мәліметінше, ағылшын Премьер-лигасындағы «Борнмут» командасының украиналық қорғаушысы Илья Забарный париждіктердің басты трансферлік мақсатына айналған.

Клуб 21 жастағы футболшыны алу үшін бірден үш ойыншымен қоштасуға дайын. Бұл тізімге француз қорғаушысы Лукас Эрнандес, оңтүстіккореялық жартылай қорғаушы Ли Кан Ин және португалиялық шабуылшы Гонсалу Рамуш кірген. Осылайша, команда құрамнан орын босатып, Забарныйдың трансферіне қажетті қаражатты жинамақ.

Бұған дейін француз басылымдары «ПСЖ» украиналық ойыншыны алу процесін жеңілдету үшін ресейлік қақпашы Матвей Сафоновпен де қоштасуы мүмкін екенін жазған. Бұл шешім команда ішінде туындауы ықтимал саяси келіспеушіліктерден сақтану үшін қабылдануы ықтимал.

Луис Энрике «Челсидің» ойыншысын жұдырығымен ұрғаны үшін жазаға тартылуы мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie