ПСЖ – «Фламенго». 17 желтоқсан. Онлайн көру. Live көрсетілім
17 желтоқсанда футбол әлемінің назарын өзіне аударатын ірі финал өтеді. УЕФА Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы «Пари Сен-Жермен» ФИФА Құрлықаралық кубогының шешуші матчында Бразилияның атақты «Фламенго» клубымен күш сынасады.
Париждік ұжым бұл ойынға турнирдің басты фавориті ретінде келеді. Чемпиондар лигасының финалында ПСЖ өз қуатын айқын көрсетіп, миландық «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата жеңген еді.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Ал «Фламенго» Оңтүстік Американың намысын қорғайды. Бразилиялық гранд жартылай финалда Африка чемпионы - мысырлық «Пирамидз» командасын 2:0 есебімен ұтып, финал жолдамасын сенімді түрде иеленді.
ФИФА Құрлықаралық кубогының финалы 17 желтоқсанда өтеді. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады. Тікелей трансляция Liveboll платформасында көрсетіледі.