«ПСЖ» - «Атлетико» - 4:0. Хвичаның екі ассисті және ойсырата жеңіс! Голдар және матчқа бейнешолу
Маусымның 15-інен 16-сына қараған түні клубтар арасындағы әлем чемпионатының В тобындағы бірінші турдың ойыны «ПСЖ» мен мадридтік «Атлетико» (4:0) командалары арасында өтті.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Матчтың 19-минутында Фабиан Руис айып алаңының сызығынан жойқын соққысымен Ян Облактың қақпасына допты бағыттады. Қосымша уақытының бірінші минутында париждіктер жылдам қарымта шабуыл жасап, соның нәтижесінде Витинья тамаша гол соқты.
Екінші таймда да жағдай өзгерген жоқ – «Атлетико» бір адамсыз қалып, тағы екі гол жіберіп алды. 87-минутта Сенни Маюулу ірі есеп тіркесе, Ли Кан Ин матчтың соңғы нүктесін қойды.
Осылайша, париждіктер топтағы басты қарсыласын жеңіп, турнир фавориті екенін дәлелдеді.
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. В тобы. 1-тур. 16 маусым
«ПСЖ» (Франция) - «Атлетико» Мадрид (Испания) - 4:0
Голдар: Руис, 19, Витинья, 45+1, Маюлу, 87, Ли Кан Ин, 90+7 (пенальти).
Қызыл қағаз: Лангле, 78 («Атлетико»).
Гол. Руис, 19 мин.
Гол. Витинья, 45+1 мин.
Гол. Маюлу, 87 мин.
Гол. Ли Кан Ин, 90+7 мин.