Луис Энрике КЧМ матчінің басталу уақытына наразы: Командалар футболдан ләззат емес, аптап ыстықтан азап шегуде
Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының бас бапкері Луис Энрике клубтық әлем чемпионатында мадридтік «Атлетикоға» қарсы өткен ойынның басталу уақытына байланысты өз наразылығын білдірді.
Кездесу АҚШ-тың Калифорния штатында өтті және жергілікті уақытпен 12:00-де басталды.
Париждіктер 4:0 есебімен ірі жеңіске жеткеніне қарамастан, Энрике матчтың ауыр ауа райы жағдайында өткені туралы айтты:
«Бұл ойын аптап ыстықтың әсерінде өтті. Әрине, Еуропадағы көрермендер үшін уақыт ыңғайлы болуы мүмкін, бірақ алаңдағы футболшыларға өте қиын», - дейді бапкердің сөзін Marca басылымы келтіреді.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы клубтық әлем чемпионаты 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтуде. Жарысқа 32 команда қатысуда, олар сегіз топқа бөлінген. Әр топтан үздік екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алады.