locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Польша өкілдері Конференциялар лигасының ширек финалистері болып, турнирде қатарласа жеңіліске ұшырады

«Легияның» плей-оффқа, ал «Ягеллонияның» үздік 8-дікке кіруге үміті азайып барады
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: ФК Ягеллония

Өткен еурокубок маусымында бірден екі поляк клубы — «Легия» мен «Ягеллония» — Конференциялар лигасының ширек финалына дейін жетті. Биылғы маусымда олар тағы да Еуропаның үшінші дәрежелі кубогының негізгі кезеңінде бақ сынауда. Алайда бұл жолы бәрі ойдағыдай болып жатқан жоқ.

«Легия» Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алу жолында Лига Еуропасының іріктеуінде «Ақтөбені» жарыстан шығарған еді. Бірақ армяндық «Ноахқа» қарсы матчқа дейін «армиялықтар» соңғы жеңісін 28 қазанда «Шахтерге» қарсы кездесуінде ғана тойлаған болатын. Сәтсіздік сериясы «Ноахқа» қарсы ойында да жалғасты: армяндық команда қайсарлығын көрсетіп, жеңісті жұлып әкетті.

Футбол. Конференциялар лигасы, негізгі кезең

«Ноа» – «Легия» – 2:1

Голдар: Матеус Алиас, 57, Мухахусейнович, 84 – Райович, 3

«Ягеллония» да қаруын тастады — олар анағұрлым мықты қарсылас «Райо Вальеканодан» жеңіліп қалды. Бұған дейін мадридтік клуб Польшаның тағы бір өкілі — познаньдық «Лехты» жарыстан шығарған еді. Ойын басталмай тұрып-ақ фанаттар арасында қақтығыс орын алып, онда «Райо Вальеканоның» онға жуық жанкүйері ауыр жарақат алды.

Футбол. Конференциялар лигасы, негізгі кезең

«Ягеллония» – «Райо Вальекано» – 1:2

Голдар: Имас, 44 – Камельйо, 6 – Паха, 61

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie