Қатты оқиға. Польшада бұзақылар «Райо Вальекано» жанкүйерлерінің автобусына шабуыл жасады
Оннан астам шетелдік фанат ауыр жарақат алды, кейбіреулері ауруханада жатыр
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Jagiellonia1920 в Х
Польшаның Белосток қаласында Конференциялар лигасының негізгі кезеңіндегі «Ягеллония» мен «Райо Вальекано» арасындағы матч өтіп жатыр. Ойын басталмай тұрып-ақ, жергілікті жанкүйерлер өздерін жағымсыз жақтан көрсетті.
Бар ақпаратқа сәйкес, биталар мен түрлі заттармен қаруланған «Ягеллонияның» бұзақылары Испаниялық әріптестерін отырғызған автобусты жолда, Варшавадан Белостокқа қарай келе жатқанда, Острув-Мазовецка елді мекені маңында (Белостоктан 90 км жерде) шабуылдаған.
Оннан аса испан жанкүйері ауыр жарақат алды. Полицияның хабарлауынша, олардың көпшілігіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген, ал тек үшеуі ғана ауруханаға жеткізілген. Басқа ресми тұлғалар бұл жағдайға пікір білдіруден бас тартты.