Покатилов еурокубоктардың негізгі кезеңінде үшеуінде де ойнаған екінші қазақстандық атанды
«Сабах» қақпашысы Стас Покатилов футбол тарихында еурокубоктардың негізгі үш турнирінің негізгі кезеңінде де ойнаған екінші қазақстандық атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Манчестер Юнайтедке» (0:4) қарсы матчта дебют жасады. Бұған дейін қазақстандық қақпашы Еуропа лигасы мен Конференция лигасының негізгі кезеңдерінде ойнаған.
2013 жылы Покатилов Қарағандының «Шахтер» командасының қақпасын Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі екі матчта қорғады. 2021 жылы Покатилов «Қайраттың» негізгі қақпашысы болып, Конференция лигасының топтық кезеңіндегі алты матчтың барлығына қатысты.
Спорт Шредингера мәліметінше, еурокубоктардың үшеуінің де негізгі кезеңінде ойнаған алғашқы қазақстандық «Астананың» тәжірибелі қорғаушысы Абзал Бейсебеков болған.
Еске салайық, «Манчестер Юнайтед» «Олд Траффордта» азербайжандық «Сабахты» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Қонақтар сапында негізгі құрамда Покатилов алаңға шығып, команданы капитандық таңғышпен бастап шықты.
Чемпиондар лигасындағы сәтсіз дебюттен кейін «Сабах» жалпы турнир кестесінің төменгі бөлігіне орналасты. Турнирдегі келесі матчында азербайжандық команда Покатиловпен бірге 13 қазанда Праганың «Славиясына» қарсы ойнайды.