Погба 2026 ӘЧ қатысу үшін Еуропалық клубта мансабын жалғастырғысы келеді
Поль Погба жаңа клуб таңдау мәселесіне асықпай, әзірге Еуропаға оралуға басымдық беріп отыр, деп жазады ESPN.
АҚШ-тың «Д.C. Юнайтед» клубынан ұсыныс болғанына қарамастан, жартылай қорғаушы өз мансабын Еуропада жалғастырғысы келеді.
Алдағы уақытта МЛС-те ойнау ықтималдығы жоққа шығарылмайды — оның жақын достары Жиру мен Льорис қазірдің өзінде «Лос-Анджелесте» доп теуіп жүр. Бірақ Погбаның қазіргі мақсаты – Чемпиондар лигасы деңгейінде ойнап, 2026 жылғы әлем чемпионатына Франция құрамасының сапында бару.
Қарашадан бері Погба отбасымен бірге Майамиде тұрып жатыр. Ол жеке жаттықтығумен айналысып, бейресми кездесулерде ойын тәжірибесін жоғалтпауда. Сонымен қатар, ол «Интер Майами» клубының иесі Дэвид Бекхэммен және МЛС-тің басқа да клубтарымен байланыста болғаны белгілі. «Д.C. Юнайтед» қызығушылық танытпас бұрын-ақ бұл диалогтар басталған.