Погба мансабын Руни мен Бентекенің бұрынғы клубында жалғастырады
Пол Погба MLS-те карьерасын жалғастыруы мүмкін. «D.C. United» клубы жартылай қорғаушымен бірнеше айдан бері келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды The Athletic.
Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» пен «Ювентусте» ойнаған 32 жастағы футболшы допингке байланысты дисквалификация аяқталған соң еркін агент мәртебесіне ие болды.
Погба кәсіби деңгейде 20 айдан астам уақыт бойы ойнаған жоқ. 2023 жылы ол DHEA заты үшін дисквалификацияланған еді, бірақ шағымданғаннан кейін жазасы 18 айға қысқартылды. Наурыз айында футболшыға қайта ойнауға рұқсат берілді.
Дереккөздің мәліметінше, «D.C. United» бас директоры Джейсон Левиен Погбамен және оның агентімен кездескен. Клуб француз футболшысын тіркеу үшін «тағайындалған ойыншы» орнын пайдалануға дайын. Погба сонымен қатар Еуропа мен Таяу Шығыстағы мүмкіндіктерді де қарастырып жатыр.
Егер келісімшарт жасалса, Погба «D.C. United» үшін Бентеке мен Руниден кейінгі үшінші ірі трансфер болады. Қазіргі таңда команда MLS-тің Шығыс конференциясында 13-орында тұр. Футболшы өз болашағы туралы шешімді алдағы апталарда қабылдауы керек.