locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ-дің бірінші айналымының символикалық құрамасы: Сәтпаев - басты жұлдыз, тағы кімдер бар?

Үздіктердің үздігі: ҚПЛ-2025 бірінші айналымының символикалық құрамасы жарияланды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ҚПЛ-дің бірінші айналымының символикалық құрамасы: Сәтпаев - басты жұлдыз, тағы кімдер бар?
ФОТО: Қайрат ФК

Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы 2025 жылғы маусымның бірінші айналымы қорытындысы бойынша үздік ойыншылардан құралған символикалық құраманы ұсынды. Бұл тізімге өз клубтарының табысына елеулі үлес қосқан, статистикасы мен ойын мәнері арқылы ерекшеленген 11 футболшы енді.

Қақпада - «Оқжетпестің» қақпашысы Төлепберген. Ол 11 матч өткізіп, екі кездесуде қақпасын құрғақ сақтап, 74% соққыны қайтара білді. Сонымен қатар, 85% сәтті шығу көрсеткішімен сенімді ойын өрнегін көрсетті.

Қорғаныс шебінде - Роман Асранқұлов («Тобыл»), Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Мартынович («Қайрат») және Бартолец («Астана»). Бұл ойыншылар тек қорғаныста емес, шабуылда да белсенді - гол, нәтижелі пас және жоғары дәлдікпен орындалған пастар олардың әмбебаптығын көрсетеді.

Ортаңғы шеп нағыз шығармашылыққа толы. Александр Зуев («Тобыл»), Офри Арад («Қайрат»), сондай-ақ Назми Грипши мен Усман Камара («Астана») - әрқайсысы команда ойынының өзегіне айналған. Әсіресе Грипши ерекше көзге түсіп отыр: ол 6 гол соғып, соның екеуін жеңіс голы ретінде тіркеген. Камара 4 гол мен 4 нәтижелі паспен көзге түсті.

Шабуыл шебінде - Марин Томасов пен Дастан Сәтпаев. «Астананың» тәжірибелі ойыншысы 7 гол мен 8 нәтижелі пас беріп, жоғары деңгейдегі тұрақтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ал «Қайраттың» жас жұлдызы Сәтпаев ел футболсүйер қауымын таңғалдырды - 8 гол және 3 ассистпен алматылық клуб шабуылының нағыз көшбасшысына айналды.

13 турдан кейінгі турнирлік кестеде «Астана» 33 ұпаймен көш бастап тұр. «Қайрат» 30 ұпаймен екінші орында, ал «Тобыл» 27 ұпаймен үздік үштікті түйіндейді.

ФОТО: kff league
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie