locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ-ға қайта оралады ма? Нұрдәулетов «Оқжетпестің» тізгінін ұстауға жақын

Қайрат Нұрдәулетов «Оқжетпестің» бас бапкері атануы мүмкін
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ҚПЛ-ға қайта оралады ма? Нұрдәулетов «Оқжетпестің» тізгінін ұстауға жақын
ФОТО: QFL

Көкшетаулық «Оқжетпес» жаңа бас бапкерін тағайындауға жақын. BorodAbata.kz порталының мәліметінше, клуб қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетовпен келіссөз жүргізіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, ол биыл мамыр айында Павлодардың «Ертіс» командасымен келісімшартты екіжақты келісім негізінде бұзған еді.

42 жастағы бапкер 2025 жылғы маусымды Бірінші лигада сәтті бастаған. Ол басқарған «Ертіс» алғашқы бес ойында төрт рет жеңіске жетіп, бір тең ойын көрсетті. Нәтижелер айтарлықтай жақсы болғанымен, маусым соңына дейін жасалған келісім мерзімінен бұрын үзілді. Ресми себептер айтылмағанымен, Нұрдәулетов бұл шешімнің ортақ келісіммен қабылданғанын атап өтті.

Егер бұл келісім жүзеге асса, «Оқжетпес» Нұрдәулетовтің бапкерлік жолындағы жаңа кезеңге айналмақ. Бұған дейін ол Премьер-лигадағы «Жетісу» мен «Мақтааралды» жаттықтырды. Сонымен қатар, Қазақстан жастар құрамасы мен ұлттық құрама, сондай-ақ «Астана» клубының бапкерлік штабтарында еңбек еткен.

Қазіргі таңда «Оқжетпес» Премьер-лига турнирлік кестесінде 21 ұпаймен 6-орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie