ҚПЛ-2025 маусымының басында екі үздік команда анықталды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Вячеслав Эрбес жаңа маусымның алғашқы турларында ең тартымды ойынды көрсеткен командалар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
– "Қайратты" әрқашан қызық тамашалау. Алматы клубы дәстүрлі түрде нәтижелі және шабуылдаушы футболымен қуантады, сондай-ақ соғылған голдар саны бойынша чемпионат көшбасшыларының қатарында. "Астана" да маусым басында жақсы әсер қалдырды. "Қызылжарға" қарсы ойында команда көп мүмкіндіктер жасады, алайда нәтижелілік жағы ақсап тұрды, – деді сарапшы.
Айта кетейік, ҚПЛ-2025 үшінші турының матчтары 29-30 наурызда өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз: Тұңғышбаев Ордабасы сапында 200 матчтық межеге жетті