locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тұңғышбаев Ордабасы сапында 200 матчтық межеге жетті

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Тұңғышбаев Ордабасы сапында 200 матчтық межеге жетті
ФОТО: Getty Images

Қазақстан Премьер-лигасының екінші турындағы алматылық "Қайратқа" қарсы өткен ойында (0:4) жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаев шымкенттік клуб сапындағы 200-ші матчына шықты.

Шымкент футболының түлегі Тұңғышбаев Қазақстан чемпионатындағы дебютін 2014 жылдың 22 наурызында "Астанаға" қарсы өткен кездесуде (0:1) жасаған. Сол ойында ол команда капитаны Қайрат Әшірбековтың орнына алаңға шыққан. Содан бері "Ордабасы" жейдесінде 200 ойын өткізіп, 30 голдың авторы атанды.

Сонымен қатар, Тұңғышбаев "Қайрат" сапында 24 матч, ал "Ақсу" құрамында 25 ойын өткізіп, 8 гол соққан. Жалпы, Қазақстан Премьер-лигасында 249 матчқа қатысып, 38 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген.

Сондай-ақ оқыңыз: ҚПЛ ойыншыларының трансферлік құны төмендеді: лига 8 миллион еуродан айырылды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie