«Оқжетпес» – «Жеңіс» – 1:1. Голдар және матчқа бейгешолу
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: jenisfk.kz инстаграм парақшасынан
Қазақстан Премьер-Лигасының 6-турында «Оқжетпес» пен «Жеңіс» 1:1 есебімен тең түсті.
Кездесу 26 сәуірде Көкшетауда өтіп, тартысты ойынмен есте қалды.
Алдымен бірінші таймның соңғы минутында алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Жұмат есеп ашты. Алайда екінші тайм басында қонақтар сапынан Адилио 55-минутта таразы басын теңестірді.
Екі команда да жеңіс голын соғуға мүмкіндік алды, бірақ өз сәттерін толық пайдалана алмады. Нәтижесінде қарсыластар бір ұпайдан бөлісті.
Келесі турда «Жеңіс» 3 мамыр күні өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды, ал «Оқжетпес» 4 мамырда сырт алаңда «Елімайға» қарсы ойнайды.
Қазақстан Премьер-лигасы. 6-тур
«Оқжетпес» – «Жеңіс» – 1:1
Голдар: Жұмат, 45 – Адилио, 55.
Матчқа бейнешолу: