Көкшетаудағы тартысты матч: «Оқжетпес» пен «Жеңіс» тең түсті
26-сәуір күні ҚПЛ-дің 6-турындағы матчта «Оқжетпес» пен елордалық «Жеңіс» тең тарқасты. Көкшетауда өткен ойын тартысты өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Алғашқы таймның соңына қарай алаң иелері есеп ашты: 45-минутта жартылай қорғаушы Жұмат мергендік танытты. Алайда екінші таймда қонақтар таразы басын теңестірді: 55-минутта Адилио гол соқты.
Қазақстан Премьер-лигасы. 6-тур
«Оқжетпес» – «Жеңіс» – 1:1
Голдар: Жұмат, 45 – Адилио, 55.
Бұл - «Жеңіс» үшін маусымдағы үшінші тең ойын. Елордалық клуб осы нәтижемен 5 ұпай жинап, турнирлік кестеде 8-орынға көтерілді. Ал «Оқжетпес» жоғарғы бөлікте өз орнын сақтап қалды. Команда 8 ұпаймен 6-орында келеді.
Келесі турда «Жеңіс» 3 мамыр күні өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды. Ал «Оқжетпес» 4 мамырда Семейде «Елімай» командасымен кездеседі.