«Ордабасы» - «Оқжетпес». 19 қазан. Онлайн көру. Live трансляция
Шымкенттік команда өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдайды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: ФК Ордабасы
19 қазан күні Қазақстан Премьер-лигасының 25-ші туры аясында «Ордабасы» және «Оқжетпес» командалары кездеседі.
Кездесу шымкентте «Қажымұқан» атындағы стадионында өтеді және Астана уақытымен 18:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде KFF League You-Tube арнасынан көрсетеді.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
24 – тур қорытындысы бойынша шымкенттік команда 31 ұпай жинап, турнирлік кестеде сегізінші орында тұр. Ал көкшетаулық клуб 32 ұпаймен бір саты жоғары тұр.
Премьер-лигадан 25 – тур қорытындысы бойынша «Тұран» командасы ұшып кетті.
«Ордабасы» соңғы ойында «Елімайда» командасынан 2:1 есебімен жеңілген болатын. Ал «Оқжетпес» сырт алаңда «Астана» командасымен ұтылды 2:1.