locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы» клубында кадрлық өзгеріс

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Таңат Нөсербаев спорт директоры қызметіне келді
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
«Ордабасы» клубында кадрлық өзгеріс
ФОТО: ФК «Ордабасы»

Шымкенттік «Ордабасы» клубының спорт директоры лауазымына Таңат Нөсербаев тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

39 жастағы маман кезінде Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған. Сонымен қатар, ол «Тобыл», «Астана» және «Ордабасы» клубтарының намысын қорғаған.

Бұрын бұл қызметті атқарған Қайрат Әшірбеков клуб жүйесінде жұмысын жалғастыра береді, бірақ басқа лауазымда.

Айта кетейік, бұл өзгеріс клуб үшін маңызды кезеңде орын алды — 10 шілде күні «Ордабасы» Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде грузиялық «Торпедомен» алғашқы ойынын өткізеді.

Куталия: «Ордабасы» фаворит деп есептеймін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie