Куталия: «Ордабасы» фаворит деп есептеймін
Павлодарлық «Иртыш» пен кутаистік «Торпедо» клубтарында ойнаған грузиялық шабуылшы Леван Куталия BorodAbata.kz тілшісіне берген сұхбатында Лига конференциясының алғашқы іріктеу кезеңінде өтетін екі клубтың текетіресі жайлы ойымен бөлісті.
«2023 жылы «Торпедо» «Ақтөбемен» ойнаған болатын. Сол ойынды Кутаисиде өзім де тамашаладым. Сол кезде қазақстандықтар жақсырақ көрінді. Кейін «Торпедо» құрамын күшейтті, бірқатар мықты ойыншылармен толықты. Бірақ соған қарамастан, команда ішкі біріншілікте үмітті ақтай алмай келеді. Осыны ескере отырып, фаворит ретінде «Ордабасы» атаймын», — деді Куталия.
Қос команда арасындағы алғашқы матч 10 шілдеде Кутаисиде, қарымта кездесу 17 шілдеде Шымкентте өтеді.
«Астана» еурокубоктағы алғашқы матчтар алдында қазақстандық клубтарға сәттілік тіледі.