Омар Мармуш осы аптада Манчестер Сити ойыншысы атанады
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Омар Мармош бүгін Манчестерде медициналық тексерістен өтеді, деп хабарлайды Фабрицио Романо.
"Манчестерде Сити" мысырлық футболшының трансферін бейсенбі күні ресми хабарлайды деп күтілуде.
"Айнтрахт Франкфурт" трансферден 75млн + 5млн (бонус) пайда тапты. Айта кетейік, неміс клубы Мармошты өз сапына тегін қосқан еді.
Бұған дейін "қалалықтар" сапына екі қорғаушы келіп қосылды. Оның бірі өзбекстандық 20 жастағы Абдукодир Хусанов, екіншісі бразилиялық 19 жастағы Витор Рейс.