\"Ол - жауынгер\". Әли Әлиев Жуковтың ұлттық құрамаға оралуы туралы айтты
Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев тағайындалғаннан кейінгі алғашқы баспасөз мәслихатында Георгий Жуковтың ұлттық құрамаға қайта оралуы мүмкін екенін айтқан болатын.
“Футбол жолы” YouTube арнасына берген соңғы сұхбатында ол ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысын тағы да еске алып, жағдайдың егжей-тегжейлерімен бөлісті.
“Марат Талғатұлы [Омаровтың] өзі біздің командаға Жуков керек болса, соны шешейік деген тілек білдірді. Мен Жуков – құжат бойынша бәрі жақсы болса, командада болуы керек жауынгер дедім. Біз Георгийді және оның қасиеттерін білеміз. Яғни, бізге генетика керек, біріншіден, ол генетикалық жағынан өте күшті футболшы және ұлттық құрамада өте жақсы ойнады. Сондықтан оның бізге көмектесетініне күмәнім жоқ”, - деді маман.
Еске салайық, Жуков Қазақстан құрамасы сапында 21 кездесу өткізген. Ал соңғы шақыру 2022 жылдың наурыз айында болды. Содан бері Жуков құжаттарында еш қиналмайтынын айтып, ұлттық құрама сапында ойнауға дайын екенін табанды түрде мәлімдегенімен, командаға шақырылмаған.