locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әли Әлиев Георгий Жуковтың Қазақстан құрамасына оралу мүмкіндігі туралы пікір білдірді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Әли Әлиев Георгий Жуковтың Қазақстан құрамасына оралу мүмкіндігі туралы пікір білдірді
ФОТО: KFF

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Әли Әлиев баспасөз конференциясында Георгий Жуковтың командаға қайта оралуына қатысты сұраққа жауап берді.

“Мен оның нұсқасын қарастырып отырмын, өйткені ол осында туған. Біз онымен сөйлестік. Бірақ біздің ұстанымымыз мынадай: егер ол шынымен Қазақстанмен өмірін байланыстырғысы келсе, елдің азаматы болып қалғысы келсе – бұл бір жағдай. Ал егер азаматтық тек мансап үшін қажет болса, онда біз бұған дайын емеспіз, ондай жағдайда өз жігіттерімізге мүмкіндік берген дұрыс”.

Жуков ұлттық құрама сапында 21 матч өткізді, соңғы рет 2022 жылдың наурыз айында алаңға шыққан.

Сол жылы ол Қытайдағы карантиндік шектеулерге байланысты командаға келе алмайтынын мәлімдеді. Осыдан кейін Жуков ұлттық құрамаға шақырылмады.

Әли Әлиев ұлттық құраманың ойыншыларына азаматтық беру туралы пікір білдірді

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie