locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ол мұны қалай істеді? Сауд Арабиясы кубогындағы Криштиану Роналдудың эпикалық мүлт кетуі

Португалиялық жұлдыз голкиперді әдемі әдіспен алдап өтпек болды, бірақ сәтсіз аяқталды
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Ол мұны қалай істеді? Сауд Арабиясы кубогындағы Криштиану Роналдудың эпикалық мүлт кетуі
ФОТО: Getty Images

Сауд Арабиясы Королі кубогында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Иттихадты» қабылдады, ал екінші таймда жұлдызды Криштиану Роналду басты назарға ілікті, бірақ бұл жолы басқа себеппен.

54-минутта португалиялық шабуылшы қарсылас қақпашысымен бетпе-бет шықты. Шешім қабылдауға және шабуылды аяқтауға жеткілікті уақыты бола тұра, Роналду допты қақпашыдан асырып жібермек болды, алайда допты көтере алмай, қақпашыға оңай сейв жасауға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, Роналдудың командасы 1:2 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалды.

Айта кетейік, биылғы маусымда Криштиану клуб сапында сегіз матчта жеті гол соқты. Ерекше атап өтерлігі, «Әл-Наср» соңғы алты матчта бірде-бір ұпай жоғалтпай, Сауд Про-лига турнир кестесінде сенімді көш бастап келеді.

Айтпақшы, өткен аптада Роналду мансабындағы 950-ші голын соққан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie