locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

“Оған оңай болған жоқ”: Гвардиола Хусановтың Ман Сити үшін дебютін түсіндірді

Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
“Оған оңай болған жоқ”: Гвардиола Хусановтың Ман Сити үшін сәтсіз дебютін түсіндірді
ФОТО: Ман Сити

“Манчестер Ситидің” бас бапкері Пеп Гвардиола Абдукодир Хусановтың Англия Премьер-Лигасы аясында Челсиге қарсы ойында жіберген қателігіне қатысты пікір білдірді.

“Оған оңай болған жоқ. Ол небәрі бір рет жаттықты да, бірден Джексон, Коул, Мадуэке және Санчо сияқты ойыншыларға қарсы шықты. Бұл – жас футболшыны командаға қосқанда болатын қалыпты жағдай. Ол бұдан сабақ алады. Осындай сәттер ол үшін– ең жақсы тәжірибе әрі үлкен сабақ”.

Гвардиола Хусановтың болашағына зор сенім білдірді:

“Бұл ең жақсы бастама болмағанын бәріміз білеміз. Ол да мұны түсінеді, бірақ ол үйренеді. Әлі жап-жас, оның болашағы алда. Мұндай сәттер оны одан әрі жетілдіреді.”

Екінші таймда Хусановтың орнына Джон Стоунзды алаңға шығару туралы сұраққа каталондық жаттықтырушы былай деп жауап берді:

“Бұл шешім оның сары қағаз алғанына байланысты қабылданды. Ал Джон жарақатынан кейін қалпына келіп жатыр және бүгін өзін тамаша көрсетті. Айта кету керек, Джон да “Ман Ситиге”алғаш келген маусымында қиындықтарға тап болған еді.”

Еске сала кетейік, Хусанов матчтың 3-минутында алаң иелерінің алғашқы голына алып келген қателік жіберді, оны Нони Мадуэке шебер пайдаланды. Алайда “Ман Сити” тез ес жиып, Йошко Гвардиол, Эрлинг Холанд және Фил Фоденнің голдары арқылы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта Ман Сити 41 ұпаймен АПЛ кестесінде 4-орында тұр, ал Челси 40 ұпаймен 6-орынға сырғыды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie