Манчестер Сити - Челси - 3:1. Голдар және матчқа бейнешолу
Бүгін, 25-ші қаңтар күні Ағылшын Премьер-лигасының 23-ші турының орталық ойыны “Манчестер Сити” мен “Челси” (3:1) арасында өтті.
“Қалалықтардың” жаңа қорғаушысы Хусановтың қателігінен кейін Николас Джексон допты алып, Нони Мадуекеге шығарып берді, ол 3-ші минутта сенімді түрде соққы жасап, есеп ашты. Таймның соңында Йошка Гвардиол қайтқан допты қабылдап алып, бос қақпаға гол соғып, есепті теңестірді. Одан кейін екі қақпашының атындағы гол болды – Эдерсон қақпадан допты Холандтың аяғына дәл шығарды, ол Роберт Санчестің өрескел қателігін пайдаланып, қақпашының үстінен допты өткізіп жіберді. Ал дәл соңында Фоден мүмкіндігін пайдалана алып, есепті 3:1-ге жеткізді.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
АПЛ. 23-ші тур. 25-ші қаңтар
Манчестер Сити - Челси - 3:1
Голдар: Гвардиол, 42, Холанд, 68, Фоден, 87 - Мадуэке, 3.
Матчқа бейнешолу: