locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нони Мадуеке Арсеналға 50 миллион фунт стерлингке ауысады

«Челсидің» тағы бір ойыншысы «Арсеналға» қосылады
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Нони Мадуеке Арсеналға 50 миллион фунт стерлингке ауысады
ФОТО: Getty images

Лондондық «Челси» командасының шабуылшысы Нони Мадуэке енді басқа бір лондондық клуб — «Арсеналдың» ойыншысы атанды, деп хабарлады беделді футбол инсайдері әрі журналист Фабрицио Романо.

Оның мәліметінше, клубтар трансфер құнын бонусымен бірге 50 миллион фунттан жоғары сомаға келісіп үлгерген. «Челси» бұл келісімге рұқсат берді.

Мадуэке бірнеше күн бұрын «Арсеналмен» бес жылдық келісімшартқа қол қойған, енді трансфер толық аяқталады.

Вингер «Челсиден» кетіп, «Арсеналға» қосылады.

Нони Мадуэке «Арсеналға» ауыса отырып, соңғы жылдары «Челсиден» «каноншылар» сапына өткен кезекті ойыншы болды. Бұған дейін мұндай қадамға қақпашы Кепа Аррисабалага, шабуылшы Рахим Стерлинг (жалға алу негізінде), сондай-ақ жартылай қорғаушылар Кай Хаверц пен Жоржиньо барған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie