Нони Мадуэке «Арсеналмен» жеке келісімшарт шарттарын келісті
«Челси» Нониді 50 миллион фунт стерлингке босатуға дайын.
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Челси» командасының жартылай қорғаушысы Нони Мадуэке «Арсеналмен» жеке келісімшарттың шарттарын келісіп қойды, деп хабарлайды инсайдер Дэвид Орнштейн.
Бұған дейін Мадуэкенің «Арсеналға» ауысуға өзі де мүдделі екені айтылған, себебі ол алаңға жиі шығуды қалайды.
«Челси» Нониді 50 миллион фунт стерлингке сатуға дайын.
Егер бұл трансфер жүзеге асса, Нони «Челсиден» «Арсеналға» ауысқан кезекті футболшы болмақ. Бұған дейін Лондонның көк жейдесін қызыл түске ауыстырған ойыншылар қатарында қақпашы Кепа Аррисабалага, шабуылшы Рахим Стерлинг (жалға алынған), сондай-ақ жартылай қорғаушылар Кай Хаверц пен Жоржиньо бар.