Никита Корзун «Елімайдан» кетті
Беларусьтік жартылай қорғаушы клубпен келісімшартты өзара бұзды
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: ФК «Елімай»
«Елімайдың» негізгі ойыншыларының бірі — Беларусь футболшысы Никита Корзун командадан ресми түрде кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен маусымда Корзун жанкүйерлердің жүрегін жаулап, жеті гол соғып, өзінің ең нәтижелі маусымдарының бірін өткізді. 2025 жылғы маусымда ол 10 матчқа қатысып, бір голмен көзге түсті.
Қазір семейлік клуб Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 13 турдан кейін 21 ұпаймен бесінші орында тұр.
«Елімай» – «Тұран» – 2:1. Пайруз бен Сәрсенбайдың шедеврлері. Голдар мен матчқа бейнешолу.