locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Елімай» – «Тұран» – 2:1. Пайруз бен Сәрсенбайдың шедеврлері. Голдар мен матчқа бейнешолу

ҚПЛ 13-турының матчына бейнешолу
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
«Елімай» - «Тұран» - 2:1. Пайруз бен Сәрсенбайдың шедеврлері. Голдар мен матчқа бейнешолу
ФОТО: ФК Елімай

21 маусымда Қазақстан Премьер-лигасының 13-турының матчы өтіп, онда семейлік «Елімай» өз алаңында «Тұранды» (2:1) қабылдады.

Матчтағы алғашқы гол 42-минутта соғылды. Неманья Каласанның пасын Меме Плакка Фессу басымен қақпаға дәл бағыттады. 76-минутта түркістандық клубтың жартылай қорғаушысы Ерасыл Сәрсенбай айып алаңының сыртынан жойқын соққымен допты жоғарғы бұрышқа соқты. Бұл оның ҚПЛ-дағы дебюттік голы болды. Араға 15 минут салып Жан-Али Пайруз жауап берді - ол да допты бұрышқа қадап қойды.

Нәтижесінде семейліктер қосымша уақытта соғылған голдың арқасында жеңіске жетті.

ҚПЛ. 13-тур. 21 маусым

«Елімай» – «Тұран» – 2:1

Голдар: Плакка, 42, Пайруз, 90+1 – Сарсенбай, 76.

Матчқа бейнешолу:

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie