locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нидерландыда «Қайрат» пен «Твенте» матчы туралы көңіл көншітпейтін болжам жасалды

Қазақстан чемпионы 17 желтоқсанда нидерландтық командамен сырт алаңда кездеседі
ФОТО: Getty Images

Нидерландтың Voetbal International басылымы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайрат» пен «Твенте» арасындағы матчқа болжам жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Басылымның пікірінше, «Қайрат» қазір ең үздік кезеңін бастан өткеріп жатқан жоқ және алматылық клуб Нидерландыда «Твентеге» қиындық туғыза алмайды. Сондай-ақ Рафаэль Уразбахтиннің командасында қорғаныс мәселелері бар екені атап өтілді.

«Бұл маусымда “Қайраттың” жағдайы онша жақсы емес. Команда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңдерінен шығып қалды. Әсіресе қорғаныс шебінде “Қайраттың” ойыны әлі толық жолға қойылмаған секілді.

“Андерлехтке” қарсы қарымта матчта команда бес қорғаушымен ойнауға көшті, бірақ соған қарамастан үш гол жіберіп алды. Өз алаңындағы ойында “Твенте” барлық жағынан “Қайраттан” мықтырақ болуы ықтимал», – деп жазылған басылымның мақаласында.

Қазақстан чемпионы 17 желтоқсанда нидерландтық командаға қонаққа барады. Бұл Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матч болады. Бұған дейін «Қайраттың» Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі матчтар кестесі белгілі болған еді.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie