Ордабасының 2025 жылға арналған бюджеті белгілі болды


Шымкенттік “Ордабасының” алдағы жылға бюджеті 3,2 миллиард теңгені құрайды. Әкімдік 2025 жылы негізінен жергілікті жас футболшылар тартып, команда чемпиондық үшін күреседі деп сендірді.
“Нәтижеге біз жауаптымыз. Мақсатымыз – чемпиондық үшін күресу. Жергілікті ойыншыларды тарту және жастар спортын қолдау үшін де қаржы қарастырылған. Біз тамаша нәтиже көрсетуге тырысамыз”, - деді Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков Otyrar басылымына.
Мықтыбеков маңызды мәселеге - Қазымұқан атындағы орталық стадиондағы жөндеу жұмыстарына де тоқталды. 60 жылдан астам тұрған ескі көгалдың орнына автоматтандырылған суару жүйесі орнатылған табиғи көгал төселмек. Бұл жұмыстарға қаржы демеушілер есебінен бөлінетіні айтылды.
Еске салайық, шымкенттік клуб қазір Абу-Дабиде (БАӘ) 30 қаңтарға дейін созылатын оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Футбол
Бүгін 15:45

Футбол
Бүгін 15:45