Неліктен Месси қатарынан үшінші ойында шықпады? Маскерано бұл сұраққа жауап берді
10 наурызға қараған түні МЛС-тің 3-ші туры ойыны “Интер Майами” мен “Шарлотт” (1:0) арасында өтті.
Ойын 38-минуттан бастап бір адамсыз ойнап, команда көшбасшысы Лионель Месси болмағанына қарамастан, алаң иелерінің минималды жеңісімен аяқталды. Команданың бас бапкері Хавьер Маскерано матчтан кейін Мессидің алаңға неге шықпағанын түсіндірді.
“Шындығында, Леоны шығару туралы ойлаған болар едік. Бірақ ойын азшылықта өткендіктен және оның футболсыз өткізген уақытын ескере отырып, біз оны қалдыруды жөн санадық. Біз тәуекелге барғымыз келмеді”, - деді жаттықтырушы.
Еске салайық, бұл “Интер Майамидің” Мессисіз үшінші ойыны. Ол бұған дейін “Кавальерге" (2:0) және “Динамо Хьюстонға” (4:1) қарсы ойындарға тіркелмеген болатын.