locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Неаполь Неймарды армандады: 2025 жылдың ең даулы трансфері неге жүзеге аспай қалды

Конте мен Де Лаурентис бразилиялық жұлдызды Неапольге әкелгісі келген
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Неаполь Неймарды армандады: 2025 жылдың ең даулы трансфері неге жүзеге аспай қалды
ФОТО: Getty Images

Италияның әйгілі «Наполи» клубы 2025 жылдың ең үлкен трансферлерінің бірін жүзеге асыруға жақын болған.

La Gazzetta dello Sport басылымының хабарлауынша, неапольдіктер 33 жастағы Неймарды қаңтар мен мамыр аралығында командаға қосу мүмкіндігін шындап қарастырған.

Клуб президенті Аурелио Де Лаурентис пен бас бапкер Антонио Конте Неймардың келуі ойын жүйесіне, команда атмосферасына және жанкүйерлердің қызығушылығына қалай әсер ететінін мұқият талдаған. «Наполи» басшылығы түсінгендей, Неймардың трансфері клубтың беделін арттыратын зор маркетингтік қадам болар еді.

Алайда егжей-тегжейлі сараптаудан кейін Неаполь басшылығы бұл келісімнен бас тартуға шешім қабылдады. Олар үшін команда ішіндегі үйлесім мен бірлік — атақты есімдерден де маңыздырақ болды, әсіресе жуырдағы Серия А чемпиондығынан кейін.

Қазір Неймар өз отанына оралып, бразилиялық «Сантос» клубының намысын қорғауда. Transfermarkt дерегінше, футболшының нарықтық құны шамамен 11 миллион еуроны құрайды.

Сондай-ақ Неймардың «ПСЖ»-дан кетуін алғаш болып кім қолдағаны белгілі болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie