locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Неймардың «ПСЖ»-дан кетуін алғаш болып кім қолдағаны белгілі болды

Париждік клубтың бас бапкері жұлдызды шабуылшының кетуіне алғашқылардың бірі болып келісімін берген
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Неймардың «ПСЖ»-дан кетуін алғаш болып кім қолдағаны белгілі болды
ФОТО: Getty Images

Париждік «ПСЖ» клубының спорттық директоры Луиш Кампуш бразилиялық шабуылшы Неймардың клубпен қоштасу сәтіне қатысты мәліметпен бөлісті.

Журналист Фабрис Хоукинстің хабарлауынша, бас бапкер Луис Энрике Неймарға жеке өзі:

«Жақсы, сенің кеткенің дұрыс», — деген.

Бұған себеп — Энрикенің футболға деген көзқарасы. Ол команда ойынын жоғары қояды және барлық ойыншыға тең мүмкіндік берілуі керек деп есептейді, атаққа емес, апталық жаттығуда өзін жақсы қырынан көрсеткен футболшыны негізгі құрамға қосады.

Еске салайық, Неймар «Пари Сен-Жермен» сапына 2017 жылы «Барселонадан» рекордтық 222 миллион еуроға ауысқан еді. Франция астанасында ол 173 матч өткізіп, 118 гол соғып, 77 нәтижелі пас берген.

Алайда 2025 жылдың басында Неймар өзінің туған клубы — «Сантосқа» оралуды шешті. 33 жастағы футболшы жаңа келісімшартқа 2025 жылдың соңына дейін қол қойды. Келісім шарт мерзімі аяқталғаннан кейін ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie