locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Наполи» – «Кальяри» матчының жеңімпазы анықталуы үшін 17 пенальти қажет болды

Кезекті ширек финалист тек пенальти сериясында анықталды
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

3 желтоқсанда Италия Кубогының 1/8 финалында «Наполи» мен «Кальяри» кездесті. Матч 1:1 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз ұзаққа созылған пенальти сериясында анықталды.

Бірінші таймда жартылай резервтік құраммен алаңға шыққан неапольдіктер әлдеқайда сенімді көрінді. 28-минутта «Наполи»-дің шабуылшысы, таран-типті Лоренцо Лукка алыстағы бағанға бағытталған навесті баспен ұтымды аяқтап, есеп ашты – 1:0.

Сардиниялықтар екінші таймда таразы басын теңестірді. Эспозито «Наполи» қорғаушыларының үйлеспеген әрекетін пайдаланып, қақпашы Милинкович-Савичпен жеке-дара шығып, оны қапы қалдырды – 1:1. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды.

Пенальти сериясы ұзаққа созылды, себебі Давид Нерес шешуші пенальтиді мүлт жіберді және серия «алғашқы қателікке» дейін жалғасты. Тағдырлы соққыны Буонджорно дәл орындап, ақыры 9:8 есебімен жеңіс Антонио Конте командасының еншісінде кетті – олар Италия Кубогының ширек финалына жолдама алды.

Күннің өзге бір матчында «Аталанта» «Дженоадан» 4:0 есебімен басым түсті.

Италия Кубогы. 1/8 финал

«Наполи» – «Кальяри» – 1:1 (1:0), пенальти бойынша 9:8

Голдар: Лукка, 28 (1:0); Эспозито, 67 (1:1)

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie