«Аталанта» «Дженоаны» ойсырата жеңіп, жүлдеге жақындады. Бергамолықтар қатарынан үшінші матчта сенімді жеңіске жетті
Бергамо командасы Италия Кубогының иегері болуды қалайды
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Getty Images
Желтоқсанның үшінші жұлдызында Италия Кубогының 1/8 финалында «Аталанта» мен «Дженоа» өзара кездесті.
Бұл ойында бергамолық команда 4:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Осылайша, «Аталанта» ширек финалға жолдама алып, Италия Кубогы оларға бұрынғыдан да жақындай түсті.
Италия Кубогы. 1/8 финал
«Аталанта» – «Дженоа» – 4:0
Голдар: Джимсити, 19, Де Рон, 54, Пашалич, 82, Аанор, 90+1.
Бұл «Аталанта» үшін қатарынан үшінші жеңіс болды.
Осыған дейін бергамолықтар өз алаңында «Фиорентина» командасын (2:0) және сырт алаңда «Айнтрахтты» (0:3) тізе бүктірген еді.