Наполи Алехандро Гарначо бойынша ресми ұсыныс жасады
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Фабрицио Романо ақпараты бойынша "Наполи" клубы Гарначо бойынша "Манчестер Юнайтедке" ресми ұсыныс жіберді.
Неаполитандық клубтың алғашқы ұсынысы бонустармен қоса есептегенде 50 млн еуроны құрайды. Бірақ "қызылдар" бұдан көбірек талап етіп отыр.
Антонио Конте жұма күні Гарначомен сөйлесіп, оны көндіруге тырысқан.
Аргентиналық вингерге "Челси де" қызығушылық танытуда. Олар бұған дейін ойыншының өкілдерімен байланысып көрді. Дегенмен ресми ұсыныс жасалмады.