Мұндай оқиға соңғы 20 жылда болмаған! «Барселона» 2006 жылдан бері «Севильядан» осылай ірі жеңіліске ұшырамаған
«Блаугранас» «Рамон Санчес Писхуанда» күйрете жеңілді
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Барселона» Испания Ла Лигасының сегізінші турында «Севильяға» ірі есеппен жеңілді. Каталондықтар жойқын 1:4 есебімен сәтсіздікке ұшырады.
Қызығы, «Барселона» «Севильядан» мұндай ауыр жеңілісті соңғы рет 2006 жылы, УЕФА Суперкубогында 0:3 есебімен жеңілгенде көрген еді.
Ла Лигада каталондықтар «Севильядан» мұндай күйретуші жеңілісті 2002 жылдан бері көрмеген. Оған қоса, «Севилья» Испания жоғары дивизионында «Барселонаны» 2015 жылдан бері алғаш рет ұтып отыр.
«Барселона» Испания чемпионатында екінші орында қалып, «Реалдан» екі ұпайға қалып келеді. Ал «Севилья» 13 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.