locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мұнда да Ливерпуль бірінші орында. Суперкомпьютер Чемпиондар лигасында командалардың жеңіске жету ықтималдығын есептеді

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Мұнда да Ливерпуль бірінші орында. Суперкомпьютер Чемпиондар лигасында командалардың жеңіске жету ықтималдығын есептеді
ФОТО: Getty Images

Кеше Чемпиондар лигасы-2024/2025 1/16 финалдық ойындары аяқталды. Нәтижесінде нокаут кезеңінен өткен 8 команда Еуропаның үздік сегіздігіне қарсы шықты.

Opta суперкомпьютері 10 000 матчты модельдеп, командалардың белгілі бір кезеңге жету және турнирде жеңіске жету ықтималдығын есептеді.

Жалпы кезеңді бірінші орынмен аяқтаған “Ливерпуль” фаворит атанды. Слоттың командасының турнирде жеңіске жету мүмкіндігі 20,2% және ширек финалға шығу мүмкіндігі 70%. Бір қызығы, екінші “Арсеналдың” бұл көрсеткіші олардан жақсырақ – 79%, ал “зеңбірекшілерге” турнирді жеңуге 16,8% мүмкіндік берілді. Үздік үштікті 12,7% мүмкіндігімен “Барселона” түйіндеді.

Айта кетейік, “үлкен құлақты” трофейдің қазіргі қожайындары “Реал Мадрид” 5-ші орында. Суперкомпьютер мадридтік команданың жеңісін 10,5%-ға бағалады.

Модельдеу нәтижелері бойынша аутсайдерлер болып дортмундтық “Боруссия” (0,7%), “Брюгге” (0,7%) және “Фейеноорд” (0,6%) аталды.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының 1/8, 1/4 және 1/2 финалының жеребе тарту рәсімі 21 ақпанда Ньон қаласында (Швейцария) өтеді. Ал еурокубоктың келесі кезеңі 4 наурызда басталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie