Чемпиондар лигасы аптасының үздіктер құрамасы жарияланды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
УЕФА Чемпиондар лигасы-2024/2025 1/16 финалындағы қарымта ойындар аптасының үздіктер құрамасын ресми түрде жариялады.
Тізімдегі ұшып кеткен жалғыз ойыншы “Селтик” қақпашысы Каспер Шмейхель болды, ол “Бавариямен” 1:1 есебімен тең ойында тоғыз сейв жасаған болатын. Қалған 10 ойыншы еурокубоктағы сапарын жалғастырып, Чемпиондар лигасының 1/8 финалында өз командасының намысын қорғайтын болады.
Үздіктердің толық құрамы:
Қақпашы: Шмейхель ("Селтик");
Қорғаушылар: Нуно Мендеш ("ПСЖ"), Ханко ("Фейеноорд"), Фламинго ("ПСВ"), Вальверде ("Реал Мадрид");
Жартылай қорғаушылар: Кокчу ("Бенфика"), Витинья ("ПСЖ"), Яшари ("Брюгге");
Шабуылшылар: Ланг ("ПСВ"), Мбаппе ("Реал Мадрид"), Тальби ("Брюгге").