«Милан» – «Лацио». 30 қараша. Онлайн қарау. Live трансляция
Серия А-ның 13-турында «Милан» өз алаңында «Лационы» қабылдайды, ойын Астана уақытымен 00:45-те басталады
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
29-нан 30-қарашаға қараған түні Италия Серия А-сының 13-турында «Милан» мен «Лацио» арасындағы тартысты кездесу өтеді.
Матч Миландағы «Джузеппе Меацца» (Сан-Сиро) стадионында өтеді. Ойынның бас төрешісі — Джузеппе Коллу. Кездесу Астана уақытымен 00:45-те басталады. Тікелей эфирді Setanta Sports ұсынады.
- Ойынның ең қызықты сәттерін тікелей эфирде Telegram-дағы Sports24.kz арнасынан көре аласыз!.
12 турдан кейін «Милан» 25 ұпаймен турнир кестесінің екінші сатысында тұр, ал «Лацио» 18 ұпаймен сегізінші орында. Қазіргі көшбасшы — 27 ұпай жинаған «Рома».