locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Милан» Джаканы өз сапына қосуды көздеп отыр

Италиялық клуб «Байердің» көшбасшысына ресми қызығушылық білдірді
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
«Милан» Джаканы өз сапына қосуды көздеп отыр
ФОТО: Getty Images

Журналист Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, «Милан» 32 жастағы жартылай қорғаушы Гранит Джакаға сұраныс жіберді. Ақпарат көзінің айтуынша, Швейцария құрамасының ойыншысы Леверкузеннен кетуге дайын және «Милан» – ол үшін қызықты нұсқалардың бірі.

Джака 2023 жылдың жазында «Арсеналдан» «Байерге» ауысты. Өткен маусымда ол барлық турнирде 49 матч өткізіп, екі гол және жеті нәтижелі паспен көзге түсті. Қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды, ал Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 12 миллион еуроға бағалайды.

Айта кетейік, Джака өткен маусымда «Байермен» бірге Германия чемпионы атанды.

Леао «Миланнан» кетуге шешім қабылдады

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie