Леао «Миланнан» кетуге шешім қабылдады
Португалиялық вингер Рафаэль Леао осы жазда Миланнан кеткісі келетінін білдірді.
Журналист Флориан Плеттенбергтің айтуынша, ойыншы клубтан кету ниетін хабардар еткен, ал «Россонери» басшылығы 70 миллион еуро және одан жоғары ұсыныстарды қарастыруға дайын.
Осыған қарамастан Милан әлі де Леаоды негізгі ойыншы ретінде қарастырады. Жаңа бас бапкер Массимилиано Аллегри өзінің айналасында команда құруды жоспарлап отыр және ойыншыны «жынды» ұсыныссыз жібергісі келмейді.
Қызығушылық танытқан клубтардың қатарында Леао өкілдерімен алдын ала келіссөздер жүргізген Бавария да бар. Алайда мюнхендік клуб трансфер құнының жоғары екенін ескеріп, әлі ресми ұсыныс жасаған жоқ.
Леао «Милан» сапында 2019 жылдан бері. Оның «Россонеримен» келісімі 2023 жылы ұзартылғаннан кейін, 2028 жылдың 30 маусымына дейін.
Өткен маусымда португалдық вингер «Милан» сапында барлық турнирлерде 50 матч өткізіп, 12 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.