locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Михаил Мудрик допинг дауына байланысты кінәсіздігін полиграф арқылы дәлелдеді

Украиналық футболшы полиграфтан өтіп, FA айыптауларына қарамастан тыйым салынған заттарды қолданбағанын мәлімдеді
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Михаил Мудрик допинг дауына байланысты кінәсіздігін полиграф арқылы дәлелдеді
ФОТО: gettyimages.com

Британдық Daily Mail порталы «Челси» вингері Михаил Мудрик туралы материал жариялады — ол допинг дауына байланысты уақытша ойындардан шеттетілген.

Басылым мәліметінше, украиналық футболшы тыйым салынған заттарды әдейі қолданбағанын дәлелдеу үшін полиграф (детектор лжи) тестінен өтті. Тест нәтижелері оның кінәсіздігін растады.

Бұған дейін Англия футбол қауымдастығы (FA) Мудрикке ресми түрде айып таққан еді — оның допинг сынамасынан мельдоний анықталғаннан кейін антидопинг ережесін бұзды деп күдіктелуде. Хавбекке төрт жылға дейін дисквалификация қаупі төніп тұр. Осы оқиғадан кейін Мудрик матчтар мен жаттығулардан уақытша шеттетілді, ал оның ісін әйгілі Morgan Sports Law заң фирмасы жүргізуде.

Кәсіби мансабында Мудрик 150 матч өткізіп, 22 гол соғып, 30 нәтижелі пас берген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie