Месси өзінің мансабына әсер еткен футболшыны атады
«Интер Майами» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси өзінің кәсіби жолына ең көп ықпал еткен ойыншыны атады, деп хабарлайды Give Me Sport.
37 жастағы футболшының айтуынша, оның футболшы ретінде қалыптасуына шешуші рөл атқарған тұлға — «Барселона» мен Бразилия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Роналдиньо.
«Ол жай ғана жұлдыз болған жоқ. Мен бірінші командаға қосылған сәтте маған алғаш болып қолын созған дәл сол кісі. Оның қолдауы мен ашықтығы жаңа әлемге бейімделуге көмектесті. Сол сәтте бұл мен үшін өте маңызды болды», — деді Месси.
Айта кетейік, Месси 2023 жылдан бері АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнап келеді. МЛС-тің қазіргі маусымында ол 8 матч өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен келісімі 2025 жылдың соңына дейін жарамды.
Лионель Месси — «Алтын доптың» 8 мәрте иегері. Оның клубтық мансабында «Барселона» мен «Интер Майамиден» бөлек, француздық ПСЖ де бар.
Кенжебек Словакияда клубына камбэк жасауға көмектесті.