locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кенжебек Словакияда клубына камбэк жасауға көмектесті

Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Кенжебек Словакияда клубына камбэк жасауға көмектесті
ФОТО: ФК «Кошице»

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Словакия чемпионатындағы маңызды ойында көзге түсті. Ол өнер көрсететін «Кошице» клубы «Жилинамен» өткен матчта керемет камбэк жасап, жеңіске жетті.

«Кошице» (Кошице, Словакия) – «Жилина» (Жилина, Словакия) – 3:2

Голдар: Роман Черепкай 29, Александре Нариманидзе 58 (автогол), Михал Фаско 64 – Мирослав Качер 12, Марио Зауэр 19

Үзілістен кейін алаңға Ғалымжан Кенжебек шықты. 22 жастағы қазақстандықтың алаңға шығуымен «Кошице» ойынын жандандыра түсті: 58-минутта автогол арқылы есеп теңестірілсе, 64-минутта Михал Фаско жеңіс добын соқты — 3:2.

Маусымның аяқталуына бір тур қалғанда «Кошице» 44 ұпаймен 5-орында тұр. «Жилина» 54 ұпаймен екінші орында. 17 мамыр күні Кенжебек ойнайтын команда чемпион атанған Братиславаның «Слованына» қарсы сырт алаңда ойнайды.

Еске салайық, Ғалымжан Кенжебек Словакия чемпионатына қаңтар айының соңында ауысқан. Содан бері ол 8 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Қазақстан құрамасы сапында 3 ойынға қатысты.

Васильев Беларусь чемпионатында БАТЭ-ге қарсы ойында жеңіске үлес қосты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie