locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси осы маусымда алғаш рет нәтижелі ойынымен көзге түспеді

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Месси осы маусымда алғаш рет нәтижелі ойынымен көзге түспеді
Фото: gettyimages

Лионель Месси ойнайтын «Интер Майами» клубы КОНКАКАФ чемпиондар кубогының ширек финалының бірінші матчында жеңіліске ұшырады.

Аталған матчта «Интер Майами» клубы «Лос-Анджелестен» 1:0 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша аргентиналық шабуылшы осы маусымдағы алғашқы нәтижесіз ойынын өткізді. Бұған дейін алты ойынға қатысқан 37 жастағы шабуылшы әр ойында не гол соғып, не голдық пас беріп келген еді.

  • «Спортинг Канзас-Сити» vs гол
  • «Нью-Йорк Сити» vs екі ассист
  • «Спортинг Канзас-Сити» vs гол
  • «Кавальер» vs гол
  • «Атланта» vs гол
  • «Филадельфия Юнион» vs гол
  • «Лос-Анджелес» vs 0

Сондай-ақ, бұл матчта флоридалықтардың тоғыз матчқа (8 жеңіс, 1 тең) жалғасқан жеңіліссіз сериясына да нүкте қойылды. Қос команда арасындағы қарымта матч 10 сәуір күні өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie