Барлығы қарымта матчта шешіледі. Мессидің командасы алғашқы матчта жеңілді
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
3 сәуір күні КОНКАКАФ чемпиондар кубогының ширек финалдық матчы өтті.
«Интер Майами» командасы «Лос-Анджелес» клубына қонаққа барды. Голдық мүмкіндіктер көп болғанымен, аталған матч тағдырын екінші таймда соғылған жалғыз гол шешіп кетті.
Алаң иелері тарапынан сальвадорлық жас ойыншы Ордаз 57-ші минутта гол соғып, командасын алға шығарды. Месси мен Суарес бастаған «Интер Майами» шабуылшылары есепті теңестіруге тырысқанымен, барлық мүмкіндіктер сәтсіз аяқталды. Осылайша матч 1:0 есебімен аяқталды.
«Интер Майами» осыған дейін қатарынан тоғыз матч жеңілмей келген еді.
КОНКАКАФ чемпиондар кубогы, ширек финал
«Лос-Анджелес» – «Интер Майами» – 1:0
Голдар: Ордаз, 57
Қос команда арасындағы қарымта матч 10 сәуір күні өтеді.