Месси ме әлде Марадона ма? Футболдағы үздік дриблерлер анықталды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Миллиондаған жанкүйерлердің көз алдында футбол тек гол, пас және жеңіс үшін қана емес, ойынның әдемілігімен де бағаланады.
Беделді GiveMeSport басылымы тарихтағы ең үздік дриблерлер тізімін жариялады. Іріктеу критерийлері статистика, беделі, бәсекеге қабілеттілігі және ойыншының ұзақ өнер көрсетуі болды.
- Сондай-ақ оқыңыз: Чемпиондар лигасы аптасының үздіктер құрамасы жарияланды
Көпшілікті таң қалдырғаны, Месси де, Марадона да бірінші орынға ие бола алмаса, сиқыршы Роналдиньо үздік бестікке кіре алмады.
Тарихтағы ең үздік 10 дриблер:
- Гарринча (Бразилия);
- Диего Марадона (Аргентина);
- Лионель Месси (Аргентина);
- Джордж Бест (Солтүстік Ирландия);
- Йохан Кройфф (Нидерланд);
- Роналдиньо (Бразилия);
- Сэр Стэнли Мэттьюз (Англия);
- Омар Сивори (Аргентина және Италия);
- Неймар (Бразилия);
- Зинедин Зидан (Франция);
Аты аңызға айналған португалдық Криштиану Роналду небәрі 13-орында табан тіреді.